BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

«АрселорМиттал Теміртаудағы» төтенше оқиғаның себептері анықталып жатыр

Теміртаудағы «АрселорМиттал» кәсіпорнынның газ құбырындағы газ жалындауы салдарынан 6 адамның зардап шегуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігінің өңірдегі тілшісі.

«Аталған факті ҚР ҚК-нің 156 бабы, 2 тармағына «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзуға» байланысты бірыңғай сот алды тергеу тізіміне алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Дәрігерлер төтенше жағдайдан зардап шеккендердің жағдайын әлі де ауыр деп бағалап отыр. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы болса жапа шекендердің тізімін жариялады.

Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығының күйік бөліміне жеткізілген жұмысшылар:

С.Толстов, 1969 жылы туылған - газ құтқарушы;

С.Клюско, 1967 жылы туылған - газ желілері бөлімшесінің газшысы;

В.Редкин, 1968 жылы туылған - ыстық бөлімшедегі жылыту және реттеу жұмыстарының шебері.

Теміртау орталық ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне жатқызылған науқастар:

Е.Маханов, 1979 жылы туылған - газ жүйелері бөлімшесінің шебері;

К.Лукашев, 1979 жылы туылған - газ цехының дәнекерлеушісі;

В.Семейченко, 1976 жылы туылған - газ көтеру станциясы бөлімінің темір ұста жөндеушісі.

Естеріңізге сала кетейік, «АрселорМиттал Теміртауда» төтенше жағдай болып, 6 адам зардап шеккен болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер