BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

«АрселорМиттал Теміртауда» төтенше жағдай: 6 адам зардап шекті

Қарағанды облысында «Арселормиттал Теміртау» кәсіпорнының газ құбырында газ жалындап, бірнеше адам жарақат алған. Оның 3-еуі ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілген. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Төтенше жағдайдан зардап шеккендердің үшеуі күйік бөлімінде, қалған үшеуі қарқынды терапия блогында.

«2017 жылдың 12 қазанында №1 газ құбырындағы жұмыс барысында газдың қысқа мерзімді жалындауы болды. Осының нәтижесінде 6 адам зардап шекті. Оның төртеуі газ цехының, біреуі кокс цехының, енді біреуі газ құтқару қызметінің жұмысшысы», - дейді компанияның баспасөз хатшысы Татьяна Богомолова.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі уақытта зардап шекендердің үшеуі Теміртау қалалық ауруханасының қарқынды терапия бөлімінде. Қалған 3 адам Қарағандыдағы Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының күйік бөліміне жеткізілген. Аталған төтенше оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, 3 адамның жағдайы ауыр, олар жансақтау бөлімінде жатыр.

«Төтенше жағдайдан 6 адам зардап шеккен. Қарағандыға Мақажанов клиникасына 3 адам жеткізілді. Олардың денелерінің 5-10 пайызын күйік шалған. Жағдайлары қалыпты, палатада жатыр. Ал қалған үш адам Теміртаудың орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр деп бағалануда. Біреуі комада, енді біреуі есін жиды. Екеуі де жасанды тыныс алдыру құралдарының көмегімен тыныс алуда. Ал үшінші адам есін біледі», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер