BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Архимед Мұхамбетов Қостанай облысында қанша жұмысшының жалақысы өсетінін айтты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мемлекет басшысының еңбекақыны көтеру жөніндегі бастамасын көптеген кәсіпорындар қолдағанын айтты.

"Еңбекақыны ұлғайту барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың 36 мыңнан астам адамын қамтиды. Бұдан басқа, ең төменгі жалақыны көтерумен қатар, 200-ден астам ірі бизнес нысандарында 35 мың жұмыскердің еңбекақысын көтеру күтіледі. Сондай-ақ, Президенттің екінші бастамасын іске асыру бойынша облыста 57,2 мың адамның салық жүктемесі азайтылады", - дейді ол.

Сонымен қатар, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде Қостанай облысының бизнесмендері, меценаттары және табысты тұрғындары сомасы 4,2 млрд. теңгенің 153 әлеуметтік жобасын іске асырып жатыр. Нәтижесінде облыстың білім беру ұйымдары мен мекемелерінде 21 робототехника кабинеті, 24 ақпараттық технологиялар кабинеті ашылды, әлеуметтік саланың 45 объектісі жөнделді және қайта жаңғыртылды. 36 елдә мекен абаттандырылып, тұрғын үйлер мен мәдениет объектілері салынды және 14 спорт және балалар алаңдары ашылды

"Жалпыға бірдей еңбек қоғамы, патриотизм мен әр тұрғынның туған елдің дамуына қосқан үлесі өңірдің ойдағыдай дамуының кепілі", - дейді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер