BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Алматының 3 ауданында ауыз су уақытша тоқтатылады

Фото: интернеттен

Алматы қаласының Түрксіб, Алатау және Жетісу аудандарының біршама бөлігінде ауыз су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Су құбырындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына (магистральді су құбырларындағы D=1200 мм - D=1000м 16 жапқыш жабдықтарын кезеңімен ауыстыру) байланысты, 24 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00-ден бастап Рысқұлов даңғылынан төмен орналасқан Алатау, Жетісу, Түрксіб аудандарындағы тұрғын үйлер мен нысандарда ауыз су уақытша өшіріледі.

Елді мекендерді ауыз сумен қайта қамтамасыз ету жұмыстары 26 қыркүйек күні сағат 10:00-де басталып, суық суды толығымен түстен кейін тұтынушыларға жеткізу жоспарланып отыр.

Тұтынушылар мен әлеуметтік мекемелерге арнайы 23 су тасығыш көліктер бөлінген.

Аталған жұмыстар қаланың төменгі бөлігіндегі тұрғын үйлерді, стратегиялық нысандарды үздіксіз сумен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Туындап отырған жағдайға түсіністікпен қарап, ауыз суды алдын ала қажетті көлемде жинап алуларыңызды сұраймыз.

Су тасушы көліктерінің орналасқан мекенжайлары almatysu.kz сайтында жүктелген.

Қосымша ақпараттарды 274-66-66, 3777-444 нөмірлері арқылы алуға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер