BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Алматыға тәулігіне 600 мың текше метр су беріледі

Алматы, BAQ.KZ. Орташа есеппен қалаға тәулік сайын 600 мың текше метр су беріледі. Бұл туралы «Алматы Су Холдингі» МКҚ директорының орынбасары, бас инженер Нұриддин Жарболов Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтты.

Оның айтуынша, қалаға берілетін судың 2/3 бөлігі 350-ден астам жер асты ұңғымаларынан өндіріледі, ауыз судың барлық көлемінің 1/3 бөлігі арнайы су дайындау станцияларында тазалау мен зарарсыздандырудың толық циклынан өтетін тау өзендерінен келеді.

Сонымен қатар ол, сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтер 2014 жылғы қаңтардан бастап енгізілгенін және қазіргі уақытқа дейін өзгеріссіз қалып отырғанын жеткізді.

«2017 жылы Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы 2,4 млрд теңге сомасына толық көлемде орындалды, 2018 жылға инвестициялар 2,7 млрд теңгені құрайды, орындалуы 100%» - дейді ол.

Сондай-ақ ол, қызмет көрсетудің сенімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, шығындар мен апаттарды азайту үшін жыл сайын су құбыры мен кәріз желілерін қайта жаңарту жүргізілетіндігін және желілерде бекіткіш-реттегіш арматурасы ауыстырылып отыратындығын айтты.

«Цифрлық су арнасы» бағдарламасы аясында 2019-2020 жылдары су өндіру мен су дайындау процесінен бастап тұтынушыға су берілгенге дейін, сарқынды суларды бұру мен тазартуға дейін барлық өндірістік тізбекті толығымен автоматтандыру жоспарлануда. Бұл жобаларды іске асыру электр тұтынуды төмендетуге, апаттық бригадалар қызметтерінің жедел болуына, жабдықтардың тозу деңгейін қысқартуға және тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді», -дейді Н. Жарболов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер