BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Алматыда жол саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі талқыланды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы «ҚазжолҒЗИ» АҚ бірлесе отырып, жол саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған семинар-мәжіліс өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Президенті бекіткен 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясында лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтаудағы жауапкершілігін арттыру бойынша кешенді шараларға айрықша көңіл бөлінген.

Мәжіліске ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілі Еркебұлан Қойлыбаев, «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы қоғамдық Кеңесі төрағасының орынбасары Бекбол Рамазан, Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы департаментінің өкілі Низам Зейналов, «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Бағдат Телтаев, Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің ЭТҚ офицері Асхат Әлиев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалының, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «Қазақавтодор» ЖШС қызметкерлері, мердігер ұйымдардың, инжинирингтік сүйемелдеу қызметінің және жобалау ұйымдарының өкілдері қатысты.

Мәжіліс барысында баяндамашылардың ақпараттарын талқылай отырып, лауазымды тұлғалар тарапынан қызметтік тәртіпті және қолданыстағы заңнаманы бұзу фактілерінің орын алуын болдырмау жөнінде бірқатар шаралар қарастырылды.

Семинар-мәжіліске қатысушылардың ақпараттарын талқылай келе, құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау жөнінде шешім қабылданды.

Сонымен қатар, жолшы-құрылысшылар өз саласында жұмыс барысында кездесетін электронды сатып алу бойынша өткізілетін тендердегі түйінді мәселелерімен бөлісті. Мәжіліс барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының директоры Жаңабай Қобыландин құқық бұзушылықты жою мен лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде құзырлы мекемелерге жүгінетіндігін жеткізді.

Жиын барысында жемқорлыққа қарсы қызмет орындары дайындаған жемқорлыққа байланысты заң бұзушылықтарға барған лауазымды тұлғалардың қолға түсулері бейнеленген роликтері көрсетіліп, талқыға салынды.

Осылайша, семинар-мәжіліске қатысушылар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетуде, атап айтқанда қызмет алушылардан арыздар алуда және оларға Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы рұқсаттар беру кезінде қызмет алушылармен тікелей байланыстарды болдырмауда жүйелі және кешенді шараларды қолдану туралы шешім қабылданды. Бұл шаралар сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер