BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Алматыда ұзындығы 18 метр автобустар жүретін жаңа бағыт ашылады 

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі қаланың көлік инфрақұрылымын реконструкциялау қарқынын тексеріп, қалаға жаңадан жеткізілген автобустарды көрді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде BRT желісі бойынша 28 тұғырнамада 68 бекетті павильондар жасақталып, тротуарлар мен веложолдар абаттандырылуда. Айдың соңына дейін Мұстафин және Сүлейменов көшелеріне жарық беретін 115 торшерді монтаждау аяқталады.

BRT автобус желісінде 17 бағыт бойынша 300-ден астам көлік бірлігі жүретін болады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша, жыл аяғына дейін 18 метрлі автобустар жүретін қосымша бағыт ашу жоспарланған.

«Жүргізілген сараптама 12 қыркүйекте BRT желісін іске қосу арқасында жолаушылар ағыны бір күнде 100 мыңнан 142 мың адамға, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға артатынын көрсетті. «Атакенттен» Қазақ Ұлттық университетіне автобус 2,5 минутта жетеді екен, ал бұрын 10 минутқа созылатын», - деді басқармадағылар.

Тимирязев көшесінің кейбір қиылыстарындағы бағдаршамдар нысандарында жаяу жүргіншілер үшін жеке фазалар қарастырылады. Жол көлік оқиғасының алдын алу үшін ІІД бірге видеотіркеудің автоматты желісі орнатылатын 10 тораптық нүкте белгіленді.

Жұмыс сапары барысында шаһар басшысы жеке автопарк алған Yutong маркалы жаңа автобустарды көрді.

Ескі жылжымалы көлікке тұрғындар тарапынан көп шағым түсетін, енді №128 бағыт бойынша төмен еденді ұзындығы 12 метрлі 17 көлік бірлігі жолаушыларды тасымалдайды. Бұлардан өзге, қарашада тасымалдаушы №72 бағыттағы жылжымалы құрам толықтай жаңарады.

Жалпы, жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесін 80% дейін жеткізу жоспарланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер