BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Алматыда қай көше жөнделетінін қала халқы өзі шешеді – әкімдік

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Әкімдік алматылықтардан қай көшелер мен жол жиектерін жөндеуден өткізу керектігі туралы ұсыныс жасауын сұрауда. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми өкілі Тимур Базарбаев Facebook-тағы жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

« 2019 жылы 150 шақырымнан астан қалалық жолдардарды жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Орталықтандырылған саясат принціпі бойынша әр ауданның көшелерін аралап көреміз. Сонымен қатар, Алматының төменгі жағынада басымдық беретін боламыз. Және де алматылықтар біз сіздерге үміт артамыз! Сіздердің ойларыңызша қай жердегі жол мен жол жиектері жөндеуден өтуі немесе салыныуы тиіс? Ұсыныстар ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін қабылданады. Өз ұсыныстарыңызды мына электронды поштаға zhol.almaty@a-a.kz "Жол жөнделуі тиіс" немесе "Тротуар керек" деген жазбамен жолдаңыздар», - дейді Тимур Базарбаев .

Әкімдіктің мәліметі бойынша, соңғы үш жылда Алматыда жалпы ұзындығы 500 шақырым болатын 524 көше жөндеуден өтті.

Оның ішінде, 2016 жылы Автомобиль жолдары және қоғамдық көлік басқармасының желісі бойынша 196 көшенің 140 шақырым жолы төселді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарымен жергілікті жолдардың 80 пайызы және барлық магистралды жолдар қамтылды. Жаяу жүргіншілер үшін ұзандығы 30,5 шақырым тротуар салынды.

Ал, 2017 жылы орташа жөндеу жұмысымен ұзындығы 147,1 шақырым болатын 170-тен астам көше қамтылды. Ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары ұзындығы 155 шақырымнан асатын 157 көшеде жүргізілді. Бұдан басқа, Мақатаев, Байтұрсынов пен Жароков көшелері кеңейтіліп, ұзындығы 15,7 шақырымды құрайтын жаңа асфальт төселді. Жаяу жүргіншілер үшін 30 шақырым тротуар салынды.

Бүгінде Автомобиль жолдары және қоғамдық көлік басқармасының желісі бойынша 123 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталған. 25 тамызға дейін орташа жөндеу жұмыстары қалған 35 көшеде соңына дейін жеткізіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер