BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алматыда алып тиін пайда болды

Фото: Автордікі

Алматыдағы «Атакент» халықаралық көрме орталығының алдында алып тиіннің мүсіні пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алматы – Жылы қала» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл жоба FUNK креативті агенттігі мен Алматы әкімдігінің бірлесе атқарған жұмысы.

«Тиіннің» авторы британдық танымал қоғамдық паблик-арт суретші Алекс Ринслер. Жоба бастамашыларының пікірінше, алматылық «Тиін» қаланың жаңа көрікті жеріне айналып, тұрғындар мен туристер жиналатын орын болады.

«Алматы – Жылы қала» жобасы бұл қаланы декоративтік безендіруге арналған FUNK креатив агенттігінің бастамасы. Бастаманың негізгі мақсаты – қала билігімен Алматының шығармашылық индустрия өкілдері арасында байланыс орнату, сонымен қатар қаланы көркейте түсу үшін креативті ортаны тарту», - дейді ұйымдастырушылар.

Алекс Ринслердің Алматыдағы «Тиін» эко-арт-құрылымы бұл посткеңестік елдері арасындағы алғашқы жұмысы. Автор бұған дейін осындай мүсіндерді Лондон мен Шанхайда орнатқан. Алматылық тиіннің биіктігі 13 метр, жоба ұйымдастырушыларының айтуынша бұл әлемдегі ең биік тиін болмақ.

«Бұл тиін Алматының қазіргі өмірін бейнелейді. Тиін қала көшелеріңің прототипі. Біз сияқты олар да қала өміріне бейімделген әрі олар да біз сияқты өмір сүріп, көркею жолында ресрустарды қажет етеді. Бұл жұмыста айтайын дегенім, көрермендерді қалаға басқа қырынан қарайтын айрықша орынмен таныстырғым келді», - дейді жұмыстың авторы Алекс Ринслер.

Аталған жобаны іске асырушылар, алдағы уақытта осы мүсінге қатысты баспасөз мәслихатын өткізіп, бұл идея қайдан туындағанын, неге дәл тиін Алматының жаңа кейіпкері болғанын, қала тұрғындары мен тиіндерді не біріктіретінін және көшелерде жақын арада тағы да қандай арт-құрылымдар қойылатыны жайында айтпақшы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер