BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Алматыда ақылы автотұрақтардан 600 млн теңге жиналды

Фото: Астана Ақшамы

Алматыда ақылы автотұрақтардан 2017 жылы 600 млн теңгеден астам қаржы жиналды, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматы арнайы техникалық сервис» ЖШС директоры Марат Прінбековтың айтуынша, тротуар паркингтерінен 357 млн теңге, ал жабық автотұрақтардан 302 млн теңге жиналды.

«Осы уақытқа дейін инвестиция көлемі 1 млрд теңгеден асты. Өткен жылы салыққа 269 млн теңге төленді », - деді Прінбеков.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Алматыда 11 мыңға жуық автотұрақ ашылғанын атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер