BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Алматыда 1400 аулаға жарық диодты шамдар орнатылған

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланың жарық көздерінің жүйесін жаңарту және мегаполистің маңызды тарихи нысандарын жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмыстарын тесерді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылы қайта жаңарған Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдарында жарықдиодты 700-тен астам жарық бағаналары ауыстырылды, бұл шамдар энергияның жұмсалуын 30%-ға қысқартады әрі ұзақ мерзімді.
Алынған ескі бағандар бұрын ешқандай жарық көздері болмаған Алатау ауданының 15 көшесіне орнатылады. Қазірдің өзінде 195 баған Ақсай және Өтеміс көшелеріне жеткізілген.
Жалпы жыл аяғына дейін Алматыда 24 мыңнан астам жарық көздері немесе олардың 31,5%-ы энергия жинақтаушы және жарық диодты шамдарға ауыстырылады. Тағы да 266 км жарық көзін модернизациялаудың жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.
Бұлардан өзге, қайта жаңарған 1400 аулаларға жаңа жарық көздері орнатылған.
Тарихи маңызы бар нысандарды кешке қарай жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмысы одан әрі жалғасуда. Таяуда ғана «Қазақстан» қонақ үйі мен Орталық демалыс және мәдениет саябағының кіре берісі ерекше нұрға бөленді.
Алматыда ғимараттарды, нысандарды, ландшафтарды бірыңғай архитектуралық стильде нұрландыру аясында соңғы екі жылда 130 нысан кешке қарай ерекше келбетке ие болды.
Олардың арасында Республика Сарайы, Тәуелсіздік Монументі, Көктөбе телемұнарасы, Абай атындағы МАТОБ, Әуезов және Лермонтов атындағы театрлар, Қастеев атындағы және Ықылас атындағы музейлер, Орталық мешіт, Свято-Вознесенский кафедралды соборы бар. Барлық жобалар бюджеттен тыс қаржылар есебінен жүзеге асуда.
Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Жолдауының маңызды бағытының бірі урбанизация мәселесін шешу мен қалаларды одан әрі дамыту болып табылады.
Сондай-ақ, қала кеңістігін жақсарту аясында мегаполистің тархи орталығының үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды. 300 км арық, 800 км астам инженерлік жүйе реконструкцияланды. Қаланың барлық жер асты жолдары күрделі жөндеулерден өтті.
Көшедегі барлық жарық көздерінің үштен бірі диодты және энергияны сақтайтын шамдарға ауыстырылды. Жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесі 80%-ға жетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер