BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.1 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Алматыда нөсерден кейін көшелер мен аулаларды су басты

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда 12-14 мамыр аралығында жаңбырдың кесірінен 24 жергілікті су басу жағдайы тіркелді, Бұл туралы Алматы қаласы төтенша жағдай департаменті (ТЖД) бастығының орынбасары Ерлан Әлібеков баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Алматыда 12-14 мамыр аралығында жаңбырдың кесірінен 24 жергілікті су басу жағдайы тіркелді. Сонымен, жеке тұрғын үйлерді су басу бойынша 5 оқиға, көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесін су басу – 2 оқиға, жеке үйлердің ауласын су басу – 8 оқиға, қала көшелерін су басу – 9 оқиға тіркелді. Біздің қызметтер барлық оқиғалар бойынша жағдайды қалпына келтірді, ғимараттар мен құрылыстың бұзылу фактісі тіркелген жоқ», - деді Е. Әлібеков.

Оның айтуынша, су басуға нөсерлетіп жауған жаңбырдан басқа, 15 жағдайда арық желілерінің қосқысқа толы болуы себеп болған. 9 жағдайда арық желісі жаңбыр суының көлемін еңсере алмаған, қаланың төменгі бөлігінде су арық арнасынан шығып кеткен.

«Су басу жағдайының салдарын жоюға ТЖД жеке құрамының 70 адамы, құтқару қызметі, әкімдіктер, 6 дана техника, 7 мотопомпа, 1 лайсорғыш тартылды», - деді Е. Әлібеков.

ТЖД мәліметі бойынша, 12 мамырда Алматыда 12 мм, 13 мамырда – 11 мм, 14 мамырда түске дейін – 12 мм, жыл басынан бері – 76 мм жаңбыр жауды.

«Қазгидрометтің болжамы бойынша 15-16 мамыр жауын шашынсыз болады, алайда 17-18 мамырда жаңбыр жауады. Мамыр айында жауатын жаңбыр көлемі қалыпты 106 мм межеден көп болады деп күтілуде», - деп түйіндеді Е. Әлібеков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер