Алматы облысындағы түзеу мекемесінде тінту жүргізілді - Аймақ|17 Сәуір 2018, 17:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде тінту жүргізілді

Бүгін 17 сәуірде Алматы облысындағы ЛА-155/12 мекемесінде жоспарлы тінту шаралары өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, мұндай шаралардың негізгі мақсаты бас бостандығынан айыру орындарында заңдылықты сақтау, тыйым салынған заттарды табу және тәркілеу болып табылады.

Осыған байланысты бекітілген жоспарларға сәйкес прокуратура органдарымен келісе отырып, мүлікті толықтай түгендеумен еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жалпы тінту шараларын өткізу жоспарланған.

Оған ҚАЖ бөліністерінің жеке құрамы мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қатыстырылды.

Аталған шаралар ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тұрақты түрде тоқсан сайын өткізіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер