BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Алматы облысындағы түрмелерге тінту жүргізілді

Бүгін Алматы облысындағы ЛА-155/12 мекемесінде жоспарлы тінту шаралары өтіп жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай шаралардың негізгі мақсаты бас бостандығынан айыру орындарында заңдылықты сақтау, тыйым салынған заттарды табу және тәркілеу болып табылады.

Осыған байланысты бекітілген жоспарларға сәйкес прокуратура органдарымен келісе отырып, мүлікті толықтай түгендеумен еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жалпы тінту шараларын өткізу жоспарланған.

Оған ҚАЖ бөліністерінің жеке құрамы мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қатыстырылды.

Аталған шаралар ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тұрақты түрде өткізіліп отырады (тоқсан сайын).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер