BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Алматы облысында көлік тонаумен айналысып келген ұрылар ұсталды

Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өңірде көлік тонаумен айналысқан қос талдықорғандықтың қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Олар ұзақ уақыт бойы аудан тұрғындарының көліктеріндегі құнды дүниелерін ұрлап келген.

Күдіктілердің жыл басынан бері Ескелді ауданында орын алған 20 ұрлық фактісін жасағаны дәлелденді. Сондай-ақ, олардың осындай сипаттағы басқа да ұрлықтарға қатысы бары анықталды.

«Күдікті ретінде екі ер адам ұсталды. Екеуі де – Талдықорған қаласының тұрғындары. Біреуі – 28 жаста, бұрын ұрлық жасағаны және тонаумен айналысқаны үшін бас бостандығынан айырылған, ал екіншісі – 24 жаста. Тергеу материалдарына сәйкес, қос күдікті облыс орталығы маңындағы Бақтыбай, Шымыр, Қарабұлақ және Ешкіөлмес ауылдарында қылмыстық әрекеттер жасаған. Олар көше бойында тұрған көліктерден бағалы заттарды үптеп кеткен. Оның ішінде үлкен жүк көліктері де бар. Негізінен ұрылар аккумуляторларды, антирадар құрылғыларын, ақша және телефондар мен көлік ішіндегі өзге де құнды дүниелерді ұрлап жүрген. Қолды болған заттардың кейбірі табылып, қылмыстық тергеу материалдарына айғақзат ретінде тіркелді»,- деп хабарлайды облыстық полиция өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілуде. Күдіктілер тергеу аяқталғанға дейін мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер