BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Алматы метросы жұмыс кестесін өзгертті

Астана, BAQ.KZ. Алматы метросы пойыздардың жүру уақыты сағат 00.00-ге дейін ұзаратын болды. Бұл туралы «Метрополитен» КМК баспасөз қызметі мәлімдеті.

Компаниядағылардың айтуынша, жолаушылардың өтініштеріне байланысты 12 қарашадан бастап алматылық метрополитен сағат 06.20-дан 00.00-ге дейін жұмыс істейді.

«Біздің мақсатымыз - мегаполис тұрғындарына метромен жүру үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Келесі жылдан бастап платформалар мен станциялардың касса залдарында келесі пойыздың қай уақытта келетіні көрсетілетін ақпараттық дисплейлер пайда болады», - дейді «Метрополитен» компаниясының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 24 қазанда Алматы метросына сегіз пойызды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылғаны айтылады. Айтуларынша, 32 вагоннан, әрқайсысында төрт вагоннан болатын сегіз жылжымалы пойыз жеткізіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер