BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Алматы әуежайында осымен екінші күн рейстер кешігуде

Алматы, BAQ.KZ. Алматының халықаралық әуежайында екі тәулік бойы рейстер кешіктіріліп жатыр.

Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстердің кешігуі ауа райының қолайсыздығынан орын алған.

«Алматыдағы халықаралық әуежай орналасқан ауданды тұман басып, көру мүмкіндігінің 75/50 дейін түсуінен рейстер кестесінде өзгерістер болды», -деді баспасөз қызметі.

Дәл қазіргі уақытта мына рейстер кешігуде:

357 Алматы-Астана а/к QazaqAir,
851 Алматы-Астана а/к AirAstana,
725 Алматы-Өскемен а/к Scat.

Сонымен қатар, Алматы халықаралық әуежайы III ИКАО санатына жатады, сондықтан мұндай қалың тұманда да әуе бортын қабылдай беретіндігі айтылған. Алайда мұндай санат әуе кемесіндегі экипажда да болуы керек.

Барлық жолдаушыларға әуежай анықтамасынан немесе әуекомпанияларынан рейстің уақытын алдын ала анықтап алу ұсынылуда. Алматы әуежайының анықтама бөлімі – 8 (727) 270-33-33.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер