BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Алматы әуежайында Кореяға қыздарды алдап апара жатқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы әуежайында Кореяға қыздарды алдап апара жатқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Көлік полицейлері әуежайда жедел алдын алу шаралары кезінде 1958 жастағы ер адам мен 1983 және 1991 жылы туған екі әйелді ұстаған.

«Тексеру барысында олардың заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқаны, дәлірек айтқанда, Қазақстан Республикасынан жас қыздарды сексуалдық мақсатта пайдалану үшін Алматыдан Оңтүстік Кореяға алып кету мақсатында алдап-арбап, алып кетіп бара жатқандары анықталды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 394-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер