BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Әлемдегі үздік «Павлодар» экономикалық аймағында 30 түрлі өнім шығарылады

Фото: Автор

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы «Fdi Magazine» британдық басылымның рейтингісінде дүниежүзінің үздік экономикалық аймақтардың бірі болып танылды. Бүгінде қолайлы бизнес ортада сегіз жоба жүзеге асырылып, 30-дан астам тауар түрі шығарылады.

«FDi Magazine» журналы түрлі экономикалық сектордағы инвестициялық қызметке шолу жасап, дүние жүзіндегі экономикалық зоналар бойынша өз рейтингісін жасайды. Журнал - танымал «Financial Times» халықаралық басылымының бір бөлігі. Жергілікті экономикалық зона шетелдік басылымның нұсқасы бойынша «Best recourse and raw materials», яғни «Үздік ресурстар және шикізат» аталымына ие болды.

«Қысқа мерзім ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Бұл жұмысты осы жылдың көктемінде бастадық. Ел басының Жолдауына сәйкес тікелей шетелдік инвестицияларды тарту белсенділігін арттыру мақсатында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын халықаралық деңгейге шығаруды көздедік. Әзірге барлық эконмоикалық көрсеткіштерді өсіріп, қарқынды дамып келе жатырмыз», - дейді арнайы эконмоикалық аймақтың басқарма төрағасы Айбек Тұрсынғалиев.

Аймақта 1 теңгелік бюджеттік қаражатқа 14 теңге жеке инвестициялар тартылды. Бүгінгі таңда жалпы соммасы 50,4 млрд. теңгені құрайтын сегіз жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар, жобалық портфельде 80 млрд. теңге болатын 2020 жылға дейін іске асырылатын 15 жаңа жоба бар, оның үшеуі осы жылы іске қосылады.

Биыл салынған инвестиция көлемі 10 млрд. теңгені құрап, жалпы инвестиция көлемі 60 млрд. теңгеден асты. Оның ішінде 15 млрд. теңге - тікелей шетелдік қаражат.

«Өндіріс көлемі 30% -ға өсті, биыл біз 20 млрд. теңгенің өнімі шығарылады. Қазіргі уақытта аймақта өнімнің 30 түрі шығарылып, ондаған мемлекетке экспортталады. Павлодар арнайы экономикалық аймақтың шикізаттық әлеуеті зор. Алюминий кластерін дамыту үшін бізде қоспалы алюминий шикізаты бар. Бұл – «Gissenhaus» жобасы. Химиялық кластерді дамыту үшін хлор, каустикалық сода, тұз қышқылы шикізаттары бар. Сол сияқты, мұнай-химия өнеркәсібін дамыту үшін тура қасымызда мұнай өңдеу зауыты орналасқан. Қазақстандағы арнайы зоналардың барлығында бірдей арнайы құқықтық мүмкіндіктер бар», - дейді Айбек Тұрсынғалиев.

Биыл аймақты дамытудың жаңа стратегиясы әзірленді. Атап айтқанда, үздік 100 әлеуетті инвесторлар тізімі дайындалып, 10-нан астам меморандумға қол қойылды. 150-ден астам инвестормен кездесу өткізіліп, Еуропада өкілдіктер пайда болды. Сонымен қатар, Дүниежүзілік арнайы экономикалық аймақтар ұйымының мүшесі атанды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер