BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Ақтөбелік кәсіпкер туған ауылына саябақ сыйлады

Фото: bnews.kz

Әйтекеби ауданы Қарабұтақ ауылында отбасылық демалысқа арналған жаңа саябақ ашылды. Оны жергілікті бизнесмен Қайрат Қойлыбаев өз ақшасына тұрғызған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкердің сөзінше, 86 жасында өмірден озған әкесі Әліби Қойлыбаевтың рухына арнап саябақ салған. Сондай-ақ туған ауылының алдында әлеуметтік міндетін орындауды да мақсат еткен.

«Әсіресе балаларға қуаныш сыйлау – зор бақыт. Ауылдастарым сыйлыққа өз бағаларын берді деп үміттенемін. Қазір көптеген кәсіпкерлер ауылдарына көмектеседі. Ал «Рухания жаңғыру» асында ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен қолға алынған «Атамекенім» акциясы кәсіпкерлердің әлеуметтік жобаларға назар аударуына әсер етеді деп ойлаймын» - деді Қайрат Қойлыбаев.

Жаңа паркте үлкендер мен балалардың демалуына арналған балалар алаңдары, спорт зоналары, жасыл көшеттер бар.

Ауыл жеткіншектері бәрінен бұрын мамандандырылған футбол алаңының пайда болғанына қатты қуанды. Алаңқай толықтай қоршалып, жасанды шөп төселген. Сондай-ақ, арнайы жарықтандыру орнатылып, футбол қақпасы қойылған. Қысқы уақытта алаңға мұз айдынын төсеуге болады.

«Біздің балаларымыз бен немерелеріміз осындай жаны жайсаң адамдардан үйреніп, өсе береді», - дедіӘйтекеби ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашев меценатқа Қарабұтақ тұрғындарының атынан алғыс хат тапсырған сәтінде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер