BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Ақтөбеде менингококк жұқтырған 9 айлық сәбидің жағдайы қалай

Қоғамдық денсаулық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева менингококк инфекциясын жұқтырған 9 айлық баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, сәби облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне ЖРВИ деген күдікпен жатқызылған

«Баладағы «менингококтық жұқпа» диагнозы зертханалық түрде расталды. Науқас емделу курсынан өтуде. Сәбидің жағдайы тұрақты, жақсарғаны байқалады. Онымен араласқан туыстары тексерілді, тексеру нәтижелері теріс. Оған медициналық бақылау орнатылды. Барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүргізілді», - деді Нұрсұлу Беркімбаева.

Өңірде жыл басынан бері менингококтық жұқпамен ауырудың үш оқиғасы тіркелінгенін атап өткіміз келеді.

«Барлық оқиғалар емделінді. Науқастардың медициналық ұйымдарға уақытылы жолығуының арқасында барлық жағдайлар да жақсы аяқталды. Осы адамдармен байланыста болған 180 адам тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша тасымалдаушылар тіркелген жоқ. Менингококтық жұқпаның тіркелінген үш оқиғасының 2-еуі зертханалық түрде расталды, 1-еуіне диагноз клиникалық мәліметтер негізінде қойылды. Қайғылы аяқталған менингококтық жұқпа оқиғалары тіркелінген жоқ. Қазіргі кезде ахуал тұрақты», - деп сөзін толықтырды Нұрсұлу Беркімбаева

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер