BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Ақтөбеде тағы бір мектеп оқушысы көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде жедел жәрдем қызметі жеткенше мектеп оқушысы көз жұмды. Дәрігерлер шақырту түскен сәттен 49 минутқа кешіккен. «Нұр Ақтөбе» ауданының 7 жастағы тұрғынының дене қызуы көтеріліп, есінен танып қалған. Оқиғаға қатысты бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова оқиғаға қатысты түсінік берді.

Оқиға облыс орталығындағы «Нұр Ақтөбе» ауданында болды. 7 жастағы қыз баланың дене қызуы көтеріліп, судорогы ұстаған. Болған жәй туралы түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. 7 жастағы қыз отбасында бесінші бала.

«Соңғы кезде бала тұйықталып кетті. Баланы медициналық тексеруден өткіздім. Қызым Інжі Жанкина 7 жаста еді. Күндізгі сағат 1-2-лер шамасында дене қызуы көтерілді. Басу ауырғандығын айтты. Мен күндізгі сағат 14:56-да (жергілікті уақытпен) жедел жәрдем қызметіне хабарластым. Кейін бірнеше рет қайта хабарластым. Дәрігерлер келгенде ешқандай көмек көрсетпеді. Керісінше, маған айқайлай бастады. Аяқ-қолы құрысу жағдайы алғаш болғанда мұндай болуы мүмкін емес, бұрын ауырған ғой деді. Полицияға арыз жаздым. Жедел жәрдем қызметіне нешеден бастап хабарласқаным, қашан және қалай келгені менде жазулы. Көршілер де растайды»,-деді Інжудің анасы Динара Баймағамбетова.

Оқиғаға қатысты бүгін Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова түсінік берді. Дәрігерлердің алдын ала анықтауы бойынша, қыз бала тілін жұтып, ауаның жетпеуінен көз жұмған.

«Біз кеш білдік. Естігеннен кейін шұғыл түрде комиссия құрылды. Алқаптық, мектептегі дәрігерлерімен сөйлесіп, баланың бұған дейінгі медициналық құжаттарын қарадық. Ата-анасымен сөйлестік. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына кеш жеткен. Шақырту түскеннен кейін 49 минутта барған. Дәрігерлердің кеш жетуінің 2 факторы болды. Бірінші, адами фактор. Яғни, шақырту түскеннен кйеін диспечер дәрігерлерге «баланың дене қызуының жоғары» екендігін ескертпеген. Шақыртулар бірнеше санатқа бөлінеді. Ал, диспечер «жоғары температура болғандығын» ескертпегендіктен шақыртудың 4-ші категориясына ауысып кеткен. Ал, екінші фактор – мекенжайдың дұрыс көрсетілмегендігі. Шақыртуда «Нұр сити-4» шағын аудан деп көрсетілген. Сондықтан жедел жәрдем көлігі сол мекенжайға кеткен. Тек мекенжайын қайтадан нақтылағаннан кейін ғана шақырту орнына жеткен. Осыған орай, жедел жәрдем қызметінің этика және деонтология ережесін бұзғандығын анықтады»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Жедел жәрдем бригадасы тарапынан этика және деонтология бұзылғандықтан ҚР денсаулық сақтау министрлігі жанынан тәуелсіз комиссия құрылды. Дәрігер мен диспечер тергеу аяқталғанша жұмыстан шеттетілген.

«Жедел жәрдем бригадасы дәрігерінің сөзінше, олар барғанда баланың тырнақтары көгеріп, басы сол жаққа бұрылған күйі жатқан. Себебі, үйінде туыстары көмек көрсеткілері келген. Анасының сөзінше, жанындағылар баланың тілін ағаш қасықпен ұстап қалғылары келген. Өкінішке орай, алдын ала болжам анықталғандай балада судорог ұстамасы болған. Анасы айтты жедел жәрдем қызметі келгенге дейінгі 20 минутта қыздың тынысы тоқтаған. Өлімнің барлық белгілері болған. Сондықтан дәрігерлер келгенде шұғыл медициналық көмек көрсетілмеді»,-деді Светлана Есенаманова.

Қызынан айырылған Динара Баймағамбетова 8 балалы. 2011 жылы Інжуден үлкен қызы да ауырып, көз жұмған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова кез-келген адам алғашқы медициналық көмек көрсете білу керек деп отыр. Сондай-ақ, дене қызуы көтеріліп, жедел жәрдем бригадасы кешіккен жағдайда, жақын жердегі ауруханаға баланы апару керектігін де ескертті. Ауруханадағылар науқасты қабылдауға міндетті.

Фото; Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер