BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ақтөбеде медицина университетінің студенті мен бұрынғы ректоры бір күнде көз жұмды

Ақтөбеде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенті белгісіз жағдайда көз жұмды. Жас жігіттің өмірін құтқаруға ақ халаттылар үлгермеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ақтөбеде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенті Есет Нұрдəулет көз жұмды. Білімге құштар 2 курс студенті - Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі. Демікпе дертіне шалдыққан жігітке дəрігерлер көмек көрсетіп үлгермеген.

«5 қазанда түсте шақырту алдық. Бригада екі минутта оқиға орнына жетті. Алайда, 19 жастағы жігіт жедел жәрдем бригадасы келмей көз жұмған. Медициналық сараптамадан кейін ғана себебі анықталады», - деді Ақтөбе қалалық жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Шынтасова.

Оқиға осыдан бір апта бұрын түске дейін болды. 5 қазанда Аққағаз Досжанова атындағы конгресс-холда білім ордасының 60 жылдығы тойланып жатқан. Есет Нұрдəулет мəдени шарада өнер көрсетпек болады. Дәретханаға шығып кеткен студент сол жерде көз жұмған.

«Студентіміз Есет Нұрдәулет 2-курста «Жалпы медицина» мамандығының ағылшын тобында оқып жүрді. Оқуға қабылданар алдында барлық абитурент медициналық тексерістен өтеді. Сол кезде оның демікпе дертіне шалдыққаны анықталды. Қалада тұрады. Емдеу мекемесінде есепте тұрған. Емделіп жүрген. Халықаралық конференция өтер алдында денсаулығына шағым айтпады. Үйіне барып, ата-анасына көңіл айттық. Көмек көрсеттік», - деді М.Оспанов атындағы БҚММУ проректоры Талғар Әбілов.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференцияға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, еліміз бен шетелдік жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты. Ал, дәл сол күні кешке медициналық университет ұжымы оқу орынының мерейтойын мейрамханада атап өтпек болады. Кешке қонақ ретінде келген медицина университетінің бұрынғы ректоры Жанғали Ордабаев ауырып, ауруханаға түскен. 69 жастағы медицина ғылымының докторы, профессор сол түні көз жұмды. Мәртөк ауданының тумасы білім ордасын 1990 жылдары басқарды.

Айта кетейік, М.Оспанов атындағы БҚММУ 5000-нан астам студент білім алады. Оқу ордасында 2015 жылдың маусымында 2-курс студенті қайтыс болған еді. Ол кезде болашақ дәрігер өз-өзіне қол жұмсаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер