BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Ақтөбеде «Билетсіз жүріс жоқ» акциясы өтуде

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп «Билетсіз жүріс жоқ» акциясы жүргізілуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осы кезеңде 13 жолаушылар пойызы тексерілді, олардың ішінде Қазақстан Республикасының 8 поезы, 4 ТМД елдерінің және 1 «Сарыарқа компаниясы» ЖШС жекеменшік поездары бар. Тексерістің қорытындысы бойынша 19 жолаушы билетсіз жүргендігі анықталған, оның ішінде ҚР-да 2 жолаушы және ТМД елдерінің пойыздарында 17 жолаушы. Сонымен қатар, ҚР пойыздарында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багаждарын тасымалдау ережелерін бұзу анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша 6 әкімшілік іс қаралып (оның ішінде: 3 - 623-баптың 3-тармағына сәйкес, 1 - 623-баптың 4-тармағына сәйкес, 2 - 571-баптың 4-тармағына сәйкес), 103415 теңге мөлшерінде айыппұлдар салынды.

Сонымен қатар, 4-5 қазан аралығында Департамент қызметкерлері көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, Ақтөбе-Маңғышлақ бағыты бойынша жүретін поезда рейд өткізіп, нәтижесінде вагондарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жағдайлардың қамтамасыз етілмегендігі және төсек төсеніштерінің пайдаланған мерзімін анықтау мүмкіндігі болмады. Сондай-ақ, жолаушылардың билеттерінде жеке басын куәландыратын мәліметтердің жоқтығы анықталды.

Аталған рейд жүйелі негізінде жүргізілетін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер