Ақтөбеде автобус жүргізушісі жолаушыны ұрып тастады - Аймақ|10 Тамыз 2018, 17:59
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Ақтөбеде автобус жүргізушісі жолаушыны ұрып тастады

Фото: интернеттен

Ақтөбеде аялдамадан тыс жерге түсе алмаған автобус жолаушысы жанжал туғызды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі aktobetimes.kz басылымына сілтеме жасап.

№24 автобустың жолаушысы аяқ астынан автобусты тоқтатып, белгіленбеген жерде түсіп қалғысы келеді. Жүргізуші жолаушының өтінішін орындамайды. Сол кезде жас жігіт жүргізушіге былапыт сөздер айтып, автобусты «құртамын» деп қоқан-лоққы көрсетеді.

Жүргізуші автобусты тоқтатып, кондуктормен бірге жолаушыны түсіреді де, қол көтереді.

«Автопарктегілер» болған жағдайды жоққа шығармады, бірақ аталған фактіге қатысты тергеу жүргізіп жатқанын да жасырмады.

Ақтөбе ІІД баспасөз қызметі агенттікке аталған фактіні растады. «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 29 жастағы жүргізуші мен 32 жастағы жолаушыға қаладан шықпайтыны туралы қол қойғызып, босатып жіберген.

Видео: "Диапазон" газеті

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер