BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам тірідей жанып кетті

Фото: vesti22.tv

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында автобус өртеніп, 52 адам қаза тапты және бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Самара-Шымкент трассасында автобус өртеніп, санаулы адам ғана аман қалды.

Төтенше жағдай бүгін Қалыбай ауылынан 10 км және облыс орталығынан 320 км қашықтықта Самара-Шымкент трассасында Астана уақытымен сағат 10.30-да болды. Өзбекстанның 57 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртенді. Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жанып жатқан автобустан 5 адам шығып үлгеріпті, 52 адам қайтыс болған.

«Оқиға орнына екі өрт сөндіру бригадасы жіберілді. Оның құрамында 8 адам және 2 техника бар. Төтенше жағдай департаментінде облыс әкімі орынбасарының басшылығымен шұғыл штаб құрылды. Зардап шеккендермен психологтар, дәрігерлер, полицейлер және құтқарушылар жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобустың өртенуі салдарынан қаза болғандардың басым бөлігі - Өзбекстан азаматтары.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер