BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Ақтөбеде 11 жасар баланы мектеп ауласында пышақтады

11 жасар мектеп оқушысы 6 наурыз күні кешке пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі aktobetimes.kz басылымына сілтеме жасап.

Жарақат алған баланы ауруханаға жеткізілді. Құқыққорғау органдарының деректеріне сүйенсек, оның кеудесіне басқа 11 жасар жасөспірім пышақпен жырып жіберген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қалалық білім басқармасының басшысы Индира Бексұлтанова жағдай туралы естігенін, бірақ ешқандай ресми ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

«Баланың ата-анасы арыз жазып, шағымданбады. Олар №38 мектептің оқушысы ма, жоқ па – оны да білмейміз», - деді ол.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Кожин оқушының дәріханаға жеткізілгенін растады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер