BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Ақтөбе облысының екі ауылында карантин жарияланды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының екі ауылында бруцеллездің ушығуына байланысты карантин жарияланды. Бұл туралы аймақтық mgorod.kz порталы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Қаратал және Саралжын ауылдарының тұрғындары сиырлары мен бұзауларын шетінен сойып жатыр. Себебі жануарлардан бруцеллез табылды. Қауіпті инфекцияға бола ауылдарда карантин жарияланды.

Қараталда 80 бас мал, Саралжын ауылында 30 мал сойылды. Ауыл тұрғындары шошып отыр. Кейбіреулері бар малынан айырылып қалды. Халық ауру малға берілетін өтемақы сомасы шығындардың орнын толтыра алмайтынына наразы.

«Бізге сиыр бағасының 30 пайызын ғана береді. Бұл – аз. Мұндай тиынға тек бұзау алуға болады. Ал, біз әрі қарай қалай күн көреміз? Бар табысымыз – мал бағу. Ет қылып сата алмаймыз. Сатушылар тек 600-800 теңгеден ғана төлейді», — деп шағымданды Қаратал ауылының тұрғыны Жауғашты Жүнісов.

Адамдар инфекцияның таралуын тоқтатуды сұрайды. Ал, шенеуніктер мұндай жағдайда малды түгел сою керек дейді.

«Биыл Ойыл ауданына төлемақы үшін 10 миллион теңге бөлінді. Бірақ ол барлығына берілмейді. Тек лаборатория малдың еті зиян екенін растаса ғана өтемақы төленеді. Ал, егер етті жеуге болатын болса, онда иесіне қайтарылады. Кейін етті сата ма, жоқ па, өзі біледі», — деді Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзембаева

Бірақ ауыл тұрғындары қыста етті сату тиімсіз деп отыр. Сиыр әлі семірген жоқ. Оны сойған соң аз ақшаға ғана сатуға болады. Ал, ол ақша басқа мал сатып алуға жетпейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер