BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

«АKTOBE INVEST 2018» VI халықаралық инвестициялық форумы өтіп жатыр

Ақтөбе, BAQ.KZ. Ауқымды іс шараның ұйымдастырушысы - Ақтөбе облысының әкімдігі. Форум бизнес өкілдерін өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпараттандыру мақсатында өткізілуде.

Форум аясында қонақтар «Ақтөбе» индустриялық аймағына барып, бірқатар ірі жобалардың қызметімен танысты. Атап айтқанда, инновациялық технологияларды қолдана отырып, жоғары сапалы қауіпсіз қаптамаларды шығаратын "Талан технолоджи" ЖШС-не барды. Ірі тау-кен және мұнай өндіретін, логистикалық компаниялардың тарихи қалыптасқан және жаңадан құрылған қалдықтары шикізат көздері болып табылады. Жобалық қуаттылығы - жылына 72 мың шаршы метр плиталар мен 4,7 мың тонна қайта өңделген шиналар шығарады. Инвестиция сомасы 1 млрд теңгені құрап, қырық жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, форумға қатысушылар италяндық технологияны пайдаланып, керамограниттен жасалған бұйымдар мен керамикалық плиталардың өндірісіне 9,2 млрд.теңге инвестициялап, соған сәйкес 180 жұмыс орнын құрған «Зерде Керамика Ақтөбе» ЖШС-ін қарап шықты. Ал, «Поливест» ЖШС Қазақстан нарығына полиэтилен пакеттерін жеткізеді.

Айта кетейік, Ақтөбеде VI халықаралық инвестициялық форум басталды. Оған әлемнің 23 елінен шақырылған 400-ден астам қонаққатысады. Олардың қатарында ҚР Үкіметінің және квазимемлекеттік секторлардың, халықаралық қаржы институттарының сондай-ақ, Ресей, Түркия, Қытай, Нидерланды, Словакия, Әзірбайжан, Армения және Литва мемлекеттерінің өкілдері мен Италияның Қазақстандағы елшісі бар.

Форум шеңберінде отызға жуық ірі жоба таныстырылатын көрме өтеді. «Сенім. Өсу. Даму» атты негізгі пленарлық отырыста Қазақстанда жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті инвесторлар, жаңа жобалардың бастамашылары және мемлекеттік органдардың, трансұлттық компаниялардың өкілдері мен сарапшылар облыстың индустриялық-инновациялық дамуы саласындағы серіктестік мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, форум аясында панельдік сессиялар да ұйымдастырылады, онда қатысушылар тәжірибе мен білім алмасады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер