BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ақтөбе әкімдігінде қайтыс болған күзетшінің әйелі: Өзін өлтіруі мүмкін емес

Ақтөбеде қаза тапқан күзетшінің әйелі бақылау-өткізу пунктінің видеоларын көрсетуді талап етіп отыр. Өйткені ол күйеуінің өзін-өзі өлтіргеніне сенбейді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Мой город» сайтына сілтеме жасап.

Бағдагүл Жұбанова күйеуінің суицид жасады дегеніне сенбейді. Ол күйеуін біреулер мәжбүрлеген немесе атып тастаған деп күдіктенеді.

Кеше таңертең 34 жаста болған Байбек Қарымсақовтың отбасы оны бақилық сапарға шығарып салды. Жаназаға туыстары мен әріптестері де келді.

Оның әйелі бұл оқиғаға біреулердің қатысы бар екеніне сенімді. Күйеуінің өліміне «кінәлі» адамдардың фамилияларын да ашық айтты. Бірақ қылмыстық іс тек өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша ашылған.

«Оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес. Бәрі өтірік! Отбасында ешқандай қиындық болған жоқ. Негізінде Байбек өзі көңілді, ашық адам болды. Бірақ соңғы кезде жұмыстан шығамын дегенді көп айтатын. Жұмысындағы комбат оған қысым көрсететінін де жеткізген. Барлығы ол офицерлік шенді алғаннан басталды. Оларда бұл «жұлдыздар» сатылады. Мұндай шен үшін 700 мыңнан миллион теңгеге дейін береді. Ал менің күйеуім өз күшімен алды. Олардың жұмысында былық көп. Қызметтік демалысқа шықса да, ақысын кеш түсіреді. Қызметкерлер өз ақшаларын жалынып алғандай болады. Егер 10000 теңге сыйақы алса, оның жартысын бастықтарына береді. Енді несін жасырайын, бәрібір күйеуім жоқ. Тек басқа әріптестеріне көмектескім келеді», - деді Бағдагүл Жұбанова.

Әйелінің айтуынша, қайтыс болатын күні Байбек бауырына хабарласқан. Сол кезде бір нәрсеге алаңдап тұрғаны білінген. Ол қаза табардың алдында біреумен жанжалдасып қалған. Енді осы жайттарды тергеушілер назарға алу керек. Бірақ әйелі тергеудің шынайы болатынына сенбейді. Оның үстіне, күйеуінің өлгені туралы оған кешкі сағат 9-да айтқан.

Бағдагүл камера жазбаларында болуы тиіс дәлелдерден бөлек, моральді және материалды өтемақы жасауды талап етіп отыр. Ол тіпті сотқа шағымдануға да дайын.

Айта кетейік, Ақтөбе әкімдігінің ғимаратында қызметтік постта «Күзет» қызметкері өзін атып өлтірген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер