BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ақтөбе әкімдігі маңында болған атысқа қатысты полиция қызметкерлері пікір білдірді

Фото: superprizes-server67.loan

Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті әкімдік маңында болған атысқа қатысты ақпарат білетін адам болса, полиция қызметкерлеріне хабарласуын сұрайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ІІД-ге сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 11 наурызда Абай даңғылы бойындағы супермаркет жанындағы аулаларда белгісіз тұлға тапаншамен Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғынын жарақаттаған.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР КК-нің 293-бабы, 3-бөлігі бойынша («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.қажетті сараптамалар тағайындалды. Жасалған қылмысқа қатысты әлдебір ақпарат білетін адамдар болса, 102, 729-609, 55-78-24, 729-601 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген Ақтөбе облысы Ішкі істер бөлімінде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер