BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ақтаулық мұғалім мектепте қайтыс болды

Ақтаудағы №8 орта мектептің мұғалімі мектепте қаза болған. Әзірге өлімнің неден болғаны белгісіз, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz-ке сілтеме жасап.

"Маңғыстау облысының жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы диспетчерлік бөліміне 7 наурыз сағат 11:40-та хабарлама түскен. Дәрігерлер келгенше әйел адам ес-түзсіз жатқан. Жарты сағат бойы ақ халаттылар реанимациялық іс-шаралар жүргізді. Алайда 47 минуттан кейін мұғалім көз жұмған" - деп жазады басылым.

Маңғыстау облысының жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Рахымжан Елтаевтің сөзіне қарағанда, әйелдің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

"Өлімнің себебі неден болғаны тексерістен кейін анықталатын болады. Жансақтау шаралары нәтиже бермеді. Мектеп қызметкерлерінің сөзінше, марқұм бірнеше күннен бері қан қысымының көтеріліп жүргендігі туралы айтқан. Ол диспансерлік есепте тұрмаған және дәрігердің көмегіне жүгінбеген", - дейді Рахымжан Елтаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер