BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Ақтау жаңа жылдық безендіруге 13 млн теңге жұмсамақ

Ақтау қаласын Жаңа жыл мерекесіне дайындау мақсатында мердігер компанияны анықтау үшін байқау жарияланды. Тапсырыстар 19 қарашадан бастап қабылданады. Бұл туралы Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Берік Ізғалиев айтты, деп хабарлайды, Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қаланы Жаңа жылға безендіруді Тәуелсіздік күнінен кейін бастамақ. Мердігер компанияны желтоқсан айының басында анықтайды. Бұл мақсатқа бюджет қаржысынан 13 901 785 теңге жұмсалады.

Құжат бойынша мердігер компания жұмысқа 20 желтоқсан күні кірісіп, үш күннің ішінде «Ынтымақ» және «Астана» алаңын, сонымен қатар облыс әкімдігінің территориясы мен «Қазақтелеком» ғимараты, «Ақбота» саябағын безендіруі қажет.

12 метрлік екі қалалық шырша «Ынтымақ» және «Астана» алаңдарында орнатылмақ. «Ынтымақ» алаңындағы 714 метрлік бұта, 100 ден астам арша ағашы, 326 ағаш гирляндамен безендірілмек.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Ақтау қаласын Жаңа жыл мерекесіне безендіру үшін 19 млн теңге қаржы жұмсалған болатын. Ол кезде қаланы безендіру жұмыстарымен «ADVER» компаниясы айналысқан. Ал 2015 жылы 49 млн теңге, 2014 жылы 18 млн теңге қаржы жұмсалған екен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер