BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Ақтау жағалауында қоқиқаздың балапаны қалып қойған

Фото: interesnosti.com

Астана, BAQ.KZ. Ақтауда 15 ықшамаудан тұрғыны ұяластарынан қалып қойған қоқиқаз балапанын видеоға түсіріп алған. Бұл туралы lada.kz сайты хабарлайды.

Эколог Кирилл Осиннің айтуынша, құс үшін басты қауіп – адамдар. Қазір құстардың жылы жаққа ұшатын уақыты.

«Бұл айтарлықтай ірі құс. Оның ірі, батпандай тұмсығы арқылы азығы – шаяндарды аулап жейді. Қазіргі уақытта бұл құстың жүрген жерінде азық мол. Ол үшін басты қауіп – адамдар ғана. Адамдар оған тас атпаса болғаны. Бұл құс та басқа құстар сияқты нәзік, осал. Қосымша қоректі қажет етпейді. Оны ұстап алуға тырыспау керек, себебі олай еткен жағдайда жарақат алып немесе өліп кетуі мүмкін. Ол қазір аққулар жүрген Қаракөлде өмір сүре береді немесе Әзербайжан, Түркменстан, Иран жаққа ұшып кетеді. Бұл сол жақтан ұшып келген құс болуы мүмкін», - дейді «Эко» Маңғыстау» ҮЕМ-нің директоры Кирилл Осин.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер