BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Аққудың махаббаты

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Өмірінде тек бір рет қана жұптасып, өмір бойына серігіне адал болатын аққулардың бірі көз жұмса екіншісінің де көп өмір сүрмейді. Қарағандыдағы аққулардың ғашықтық оқиғасы да осылай аяқталды.

Қыркүйек айының басында Қарағандыда елдің жүрегін елжіреткен ерекше оқиға орын алды. Өлген сыңарының жансыз денесін тастап кетпей, жанында бірнеше күн жатқан аққудың серігіне адалдығы қарағандылықтарды әсерге бөлеген болатын.

Қарағанды тұрғыны Валерия Абай қаласы мен Вольный елді мекенінің арасындағы далада саңырауқұлақ тере жүріп, екі аққудың үстінен түседі. Оның біреуі өлі болса, екінші аққу сыңарын тастамай, жанында жатқан. Дереу құзырлы органдарға хабарласқан Валерияға облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мамандары мен Қарағанды зообағының ветеринарлық тобы көмекке келген. Олар тірі аққуды ұстап, зоолог мамандарға табыстаған.

«Зообаққа әкелінгенде құстың жағдайы қанағаттанарлық емес, ол өте әлсіреген болды. Аққу тамақ ішпеді, жемге келмейтін, екі аяғына тұрған жоқ. Ветеринарлық дәрігер құсты емдеді, антибиотиктер салды, дәрумендер берді. Алайда бұдан да көмек болмады, құс өліп қалды», - дейді Қарағанды зообағының орнитология бөлімінің меңгерушісі Зәуреш Шерімбаева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер