BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

2019 жылы СҚО-да меморгандар еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеді

Фото: автор

2019 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік органдар еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеді. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов әкімдіктің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Baq.kz» аймақтағы тілшісі.

Келер жылдан мемлекеттік қызметшілер еңбек өтілі емес, атқарған жұмысы бойынша жалақы алады. Бүгінгі күні аталған жүйе Астана және Маңғыстау облысында енгізілген. Қызылжар өңірінің басшысының айтуынша, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге арналған жалақы төлеудің жаңа жүйесін Солтүстік Қазақстанда 2019 жылдың алғашқы тоқсанында енгізу жоспарланған.

«Жаңа жүйеде фактор-балл шкаласы және бонустар төлеу енгізіледі. Бұның арқасында жалақыны өсіріп, қызметшілердің міндеттерін қайта бөлуге мүмкіндік туады. Ведомство астындағы ұйымдарға қазіргі шығындарын қысқарту керек. Көп қызмет түрлерін жеке секторға, аутсорсингқа өткізу қажет. Мемлекеттік шығындарды жыл санап қысқартқан абзал», - деді Құмар Ақсақалов.

Фото: автор

Аймақ басшысы жаңа жүйеге ауысу бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды. Сонымен қатар жиында Солтүстік Қазақстан облысында үш жылда еңбек ресурстарын тарту мақсатында ауылдарда 3 мың баспана салынатындығы айтылды. Тұрғын үйлер бірыңғай сәулет стилінде салынады. Барлық аудан басшыларына бекітілген нобай бойынша жұмыс істеу тапсырылды.

Фото: Автор

«Біз үйлердің бірнеше нұсқасын бекіттік, сол арқылы құрылыс жүргізу керек. Арнайы комиссия барлығын тексеретін болады. Биыл 100 үй, келесі жылы 600 үй бой көтереді. 2020 жылы 1000, 2021 жылы 1400 үй салынады. Бюджетте ақша қарастырылған», - деп мәлімдеді әкім.

Өңір басшысы аудан әкімдеріне дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұл техника, құрылыс материалдары және құрылысшылардың жеткілікті болуы.Фото: автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер