BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

2018-2022 жылдары Шығыс Қазақстанда 11 жатақхана қолданысқа беріледі

Фото: altaynews.kz

Жатақханаларды ашу 2018-2022 жылдарға жоспарланып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО әкімінің орынбасары Серік Ақтановтың айтуынша, бірнеше құрылыстың жұмысы басталып кеткен. Жатақханалар өңір аумағындағы ЖОО-лар мен колледж шәкірттері үшін салынады. Барлығы – 4608 орын.

Бұдан бөлек аймақтағы жетекші ЖОО-лары үшін тағы үш нысанның құрылысы жоспарланып отыр: Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ үшін 600 орынды, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға 500 орынды, Шәкәрім Мемлекеттік университетінің шәкірттеріне 500 орынды студенттер үйі салынбақ.

Ал жыл аяғына дейін Семей қаласындағы электротехникалық колледждің 250 орындық жатақханасы ашылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер