BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

«Зың-зың» әнінің авторы неден қайтыс болғаны белгілі болды

Фото: әлеуметтік желіден

Аз уақыт ішінде Қазақстанда танылған «Зың-зың» әнінің авторы Болат Нұрымовтың өліміне қатысты жаңа деректер шықты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Жұмабайқызы Baq.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Нұрымовтың қайда және неден қайтыс болғанын айтты.

Нұрымовтың жақын достарының сөзіне сүйенген оның айтуынша, белгілі әннің авторы соңғы уақытта өкпесі қабынып қатты ауырып, бір апта ауруханада жатып қайтыс болған. Сонымен қатар ол Нұрымовтың жаназасы бүгін Шымкентте сағат 13:00-де өз үйінен шығарылатынын айтты.

Болат Нұрымов 1989 жылы Өзбекстандағы Жизақ облысында дүниеге келген. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде режиссер мамандығы бойынша оқыған. Бұған дейін өзінің жеке студиясында жұмыс істеген және Шымкенттегі «Самал» шағын ауданында тұрып келген.

Үйленгеніне үш жылдай уақыт болған. Артында әйелі және бір баласы қалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер