BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қасымов: Біз – әскери адамдармыз. Қайда бұйырса, сонда жұмыс істейміз

Фото: ашық дереккөзден

Денис Теннің қазасынан кейін қазақстандықтар Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың отставкаға кетуін талап еткен болатын. Осы орайда ведомство басшысының өзі «отставканы» Үкімет, не Президент шешетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз - әскери адамдармыз. Қайда бұйырса, сонда жұмыс істейміз. Үкімет қалай шешеді, солай болады», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министр «неліктен журналистерден қашасыз» деген БАҚ өкілінің сауалына да жауап берді.

«Журналистерден қашып жүрген жоқпын. Енді кіреберістен шыққаннан кейін сіздер бәріңіз қылмысты сұрайсыз. Мен қылмыстың кімге осылай істегенін жауап бере алмаймын. Неге десеңіз заң бойынша ақпарат беруге болмайды. Тергеу жүріп жатыр. Теннің ісі бойынша, бір айтасың, адвокат келіп бір айтады. Олай болмайды. Заң бар, заң бойынша тергеу жүріп жатқан кезде ақпарат бере алмаймыз. Жеке қылмыстарды, сұрақтарыңызды сауал ретінде жіберсеңіздер, іс біткеннен кейін жауап береміз», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер