BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Журналистер арасындағы конкурсқа материал қабылдау жалғасуда

Астана, BAQ.KZ. Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен Ұлттық журналистік зерттеу орталығы жариялаған журналистер арасындағы байқауға құжат қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық журналистік зерттеу орталығы Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен дін саласындағы өзекті мәселелерге байланысты бірнеше номинациялар бойынша журналистер арасында үздік материалдарға байқау жариялайды.

Байқау мерзімі 2018 жылдың 25 қазаны мен 25 қарашасы аралығын қамтиды. Байқауға 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 25 қарашасына дейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген материалдар қатыса алады. Жеңімпаздарды марапаттау 27 қараша күні Алматы қаласында өтеді.

Байқау жүлдесінің жалпы қоры – 1 000 000 теңге.

Байқаудың мақсаты:

- Қазақстан Республикасы жұртшылығының назарын дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелеріне аудару.

- Бұқаралық ақпарат құралдары, яғни журналистер арқылы тұрғындарды мемлекеттік саясаттың дін саласындағы әр түрлі бағыттары, қоғамдағы конфессияаралық келісімнің нығайтылуы және сақталуына бағытталған маңызды іс-шаралар жөнінде хабардар ету.

- Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша материалдарды жариялайтын БАҚ пен журналистерді қолдау.

Байқау номинациялары:

Діни экстремизмнің алдын алуға байланысты байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

- ең үздік әлеуметтік ролик

- ең үздік телевизиялық бағдарлама;

- ең үздік радиобағдарлама;

- интернет ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала;

- интернет ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала;

- мерзімді басылымдардағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала;

- мерзімді басылымдардағы орыс тіліндегі ең үздік мақала;

- әлеуметтік желілердегі ең белсенді қолжетімді топ;

- ең белсенді блогер.

Жеңімпаздар барлық номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен, сонымен қатар 5 (бес) ынталандыру сыйлығымен марапатталады.

Байқау шарттары:

Алматы қаласында тіркелген немесе Алматы қаласында тілшілер қосыны бар БАҚ-тағы кез келген журналист, сондай-ақ ғалым, көсемсөзгер, қаламгер қатыса алады. БАҚ басшылығының рұқсаты талап етілмейді. Байқау екі тілде өтеді.

Байқауға 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 қараша аралығында жарияланған материалдар қабылданады.

Басты қойылатын талап – Қазақстанның зайырлы мемлекеттік құрылымын қарапайым әрі ұғынықты тілмен түсіндіру, мемлекеттік саясаттың заңнамалық талаптарын ұғындыру, дін атын жамылған экстремистік ағымдарды әшкерелеу, дәстүр мен діннің өзара байланысын жеткізу, діни экстремизмнің алдын алу, теріс діни топтардың идеологиясы мен олардың зияндығын ашып көрсету.

Қандайда бір діни ұстанымды немесе дінді насихаттауға бағытталған материалдар қабылданбайды.

Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комитетінің uzhzo2005@mail.ru электронды поштасына (байланыс телефоны: 87775654078) мынадай материалдарды жіберуі тиіс:

1). Автор туралы мағлұмат /туған жері, күні, айы, жылы, телефон/;

2). Байқау материалы жарияланған БАҚ-тың pdf-нұсқасы немесе скриншоты, портал-сайттағы материалдың скриншоты немесе электронды сілтемесі (бар болған жағдайда), теле-радио бағдарламалардың mp4-нұсқасы немесе электронды сілтемесі (бар болған жағдайда);

3). Автор әр номинацияға 1 немесе 2 материал ұсына алады;

4). Бір автор бірнеше номинацияға қатыса алады;

5). Барлық материалда байқаудың қандай номинациясына ұсынылатыны туралы ақпарат болуы міндетті. Номинациясы көрсетілмеген материал байқауға жіберілмейді.

Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды.

Байқау кезеңдері:

1. Байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау (қосымша есептегенде 25 қараша күні, түнгі сағат 24:00-ге дейін);

2. Материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау (26-қараша);

3. Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау (27-қараша).

Байқау жеңімпаздарын марапаттау:

Байқауды ұйымдастыру комитеті жүргізіп, жеңімпаздарды 5 немесе 7 адамнан тұратын қазылар алқасы таңдайды. Байқау жеңімпаздары арнайы номинациялар бойынша тағайындалған ақшалай жүлделермен және арнайы дипломдармен марапатталады.

Ұйымдастыру комитеті:

87775654078


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер