BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Журналист Күлән Берікболова дүниеден өтті

Алматы, BAQ.KZ. Танымал журналист, аудармашы, ұзақ жылдар осы салада қызмет істеген Күлән Берікболова ауыр науқастан қайтыс болды.

Күлән Берікболова 1956 жылы 4 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген.

1973 жылы Жарма станциясындағы орта мектепті, 1978 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын сол кездегі Семей облысы, Жарма ауданының «Молшылық үшін» газетінде бастаған (1978-81). Бұдан кейін әр жылдары «Социалистік Қазақстан» (1981-85), «Жұлдыз» (1986-94), «Бірлік», «Ақ босаға», т.б. республикалық мерзімді басылымдарда қызмет атқарған.

2000-2004 жылдары «Қорғау» Зейнетақы жинау қорында аудармашы, кейін «Экономика», «Қазақпарат» баспаларында редактор болды.

Мұстафа Өзтүрік жайлы «Мұзбалақ Мұстафа» (1997) естеліктер жинағын, Тоқтархан Шәріпжановтың «Қалдырдым мұра халқыма» (2003) жинағын құрастырып, жарыққа шығарды.

В.Л.Назарованың «Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухагалтерлік есеп», В.Л.Назарова, Д.А.Фурсов, С.Д.Фурсова, М.С.Жаппарханованың «Басқару есебі», К.Бердалиевтің «Менеджмент», Г.А.Жаппарованың «Информатика негіздері», Д.О.Абленовтің «Аудит негіздері» атты оқулықтарын А.Жалғабаевпен бірлесіп, орысшадан қазақшаға аударды.

«Үш қиян» баспасынан «Үнімен үздірген үкілім-ай» атты кітабы жарық көрді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер