BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Жол жүру картасына түспеген ақша қайтарылады

Астана, BAQ.KZ. Бұдан былай қоғамдық көлкпен жүру барысында ALRT картасын толтырған ақшаңыз картаға түспей қалса, өзіңізге қайтарылады.

Бұрын егер көлік картасы RTVM терминалы арқылы дұрыс толтырылмаған жағдайда пайдаланушы картаға аударылмаған қаражатты қайтару үшін орталық касса бөлімшесіне баруға тиісті болатын. Енді қаражатты қайтару үшін кассаға барудың қажеті жоқ.

"Қараша айынан бастап қаражатты қайтару автоматты түрде жүзеге асырылатын хабарлаймыз. Қайтару 48 сағат ішінде жасалады және активтендіруді талап етеді" - делінген ALRT таратқан ақпаратта.

RTVM терминалдардан қаражаттың картаға түспей қалуының негізгі себептері:

• Егер пайдаланушы «Отмена» батырмасын басса;

• Пайдаланушы операцияның аяқталуын күтпестен картаны алып қойған жағдайда;

• Егер пайдаланушы ақшаны таңдап алынған сомадан аз енгізсе аударған ақша картаға түспей қалады.

Терминал сізге несие чегін (кредитный чек) басып шағарса, сізге ақша келесі 48 сағат ішінде келетінін білуіңіз керек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер