BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Жоғарғы сот пен «Атамекен» ҰКП бiрлескен жол картасын бекiттi

Бүгiн елордада бизнестi сотта қорғау мәселелерiне арналған форум өттi. Шара барысында ҚР Жоғарғы соты мен «Атамекен» ҰКП Бизнестi сотта қорғау бойынша бiрлескен жол картасын бекiттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Жол картасына Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметiн қамтамасыз ету департаментiнiң басшысы Нұрсерiк Шәрiпов пен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қол қойды.
Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәсiпкерлiктi қорғау мәселесiне айрықша көңiл бөлетiнiн айтты.

«Кәсiпкерлiк - халықтың бай-қуаттылығының айқын көрiнiсi, мемлекеттiң тiрегi, ұлттық стратегиялық жоспарлардың iске асуының бiрден-бiр кепiлi. Ал «Атамекен» ҰКП - республикадағы үлкендi-кiшiлi кәсiпкерлiкпен айналысатындардың барлығын үйлестiрушiсi. Сондықтан, бiз бүгiн бизнес құқықтарын сотта қорғаудың тиiмдiлiгiн арттыруға арналған бiрлескен форум өткiздiк», - дедi Қайрат Мәми.

Атап өтсек, Жол картасы аясында соттарда сот төрелiгiнiң негiзгi принциптерi: жарыспалылық пен тараптардың теңдiгiн сақтау мәселесi сараптамалық талдаудан өтедi. Бизнестегi өзара қарым-қатынастың құқықтық мәдениетiн арттыру бойынша шаралар қабылдау көзделiп отыр. Оның ішінде, мәмiлелердi құқықтық сүйемелдеу, шарттық мiндеттемелердi бұлжытпай орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, дауларды сотқа дейiнгi реттеу тәсiлдерiн дамыту.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер