BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Жылу беру тарифтері Семейде төмендеп, Өскеменде өсті

Фото: rmnt.ru

Биыл 2 өңірде жылу беру тарифтері төмендетілді. Оның бірі Алматы облысы болса, екіншісі – Шығыс Қазақстан облысы, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәлірек айтқанда, Семей қаласындағы «Теплокоммунэнерго» МКК тарапынан тарифтер арзандады. Сондай-ақ 11 өңірде халыққа арналған тариф өсті.

Соның ішінде Өскемен қаласындағы «Өскемен жылу желілері» АҚ-да өсім 9,5% құрады. (ЕҚ-сыз 3 425,80 теңге/Гкал-дан 3 749,69 теңгеге/Гкал-ға).

Жалпы айта кетер болсақ, ең төмен өсім Астана қаласында, ең жоғары өсім Павлодар облысында байқалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер