BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Жыл соңына дейін ұялы телефондарын тіркемегендерге абоненттік қызмет көрсетілмейді

Фото: Нұржас Жақсыбай

Қазақстандықтар 2018 жылдың аяғына дейін ұялы телефондарын тіркеуі тиіс. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, 2016 жылы ұялы телефондарды тіркеудің жаңартылған ережелері енгізілді. Бұл жүйені іске қосу арқылы ұялы телефон ұрлығы қылмысын азайту мүмкін болмақ. Алайда тәжірибе көрсеткендей IMEI-код арқылы ұялы телефон иесін анықтау қиын болып отыр», - деді министр жиында.

Ол жаңа норма толықтай іске асуы үшін IMEI-кодты абоненттің жеке сәйкестендіру нөмірі (ИИН) және телефон нөмірімен бірге байланыстыру қажет екенін атап өтті.

«Байланыс қызметін пайдаланушылар 2018 жылдың соңына дейін ұялы телефондарын тіркеуі тиіс. 2019 жылдың 1 қаңтарынан тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді», - деді Абаев.

Ол IMEI-кодтардың базасын дайындағанда Ұлыбритания, Түркия, Әзербайжан, Украина сияқты елдердің тәжірибесі ескерілгенін айтты.

Сондай-ақ ұялы телефондарды тіркеуге қатысты жаңалыққа xалық дүрлігуі мүмкін екенін, осы үшін телефонды онлайн режимде тіркеу мүмкіндігін қарастыратынын алға тартты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер