BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Жыл басынан бері Қазақстанда 600-ден аса адам жол апатынан көз жұмды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Биылғы жылдың басынан бері Қазақстан жолдарында 614 адам қаза тауып, 7 мыңнан астамы жарақат алған. Бұл туралы халық алдында есеп берген Iшкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Министр жолда тәртіп орнату жергілікті полиция жұмысының тиімділігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Соңғы үш жылда бізде жол апаты мен одан қаза тапқандар саны азайып келеді. Дегенмен, жүргізушілерге қойылатын талаптар мен қатаң әкімшілік тәжірибеге қарамастан жыл басынан бері 614 адам қаза тауып, 7 мыңнан астамы жарақат алды. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі жүргізушілердің - жол ережелерін сақтамауы. 10 мыңнан аса мас жүргізуші ұсталды. Сот тәртібімен 14 мың адам көлік басқару құқығынан айырылды, 1 мыңнан астамы әкімшілік қамауға алынды. Тек биылдың өзінде бір миллионнан астам жол ережесін бұзушылықтың жолы кесілді. Олардың үштен бірі жолдарда орнатылған бейнебақылау камераларының арқасында», - деді Қасымов.

Министр таяуда Астана әкімдігі 400 қиылыс пен жолдардың 300 желілік учаскесінде «Сергек» камералары орнатылатынын айтты.

«Бірқатар облыс орталығында жолды бақылаудың стационарлық жүйесі орнатылған, автоматтандырылған радарлар қолданылады. Полицейлер жеке бейнетіркеуішпен жабдықталып жатыр. Сондай-ақ, қазір біз полицейлердің жұмысында электронды әкімшілік өндіріс енгіземіз. Осыған байланысты полицейлерді кезең-кезеңмен планшетпен қамтамасыз етеміз, олар соның көмегімен әкімшілік хаттама толтырады. ІІМ мәліметтер базасы заң бұзғандар мен олардың көлігін оқиға орнында тексеру үшін полицейлерге қолжетімді болады», - дедi Қалмұханбет Қасымов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер