USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Жер бетінде соғыс салдарынан 5 миллиард адам қаза тапқан

Алматыда Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері бас қосып, Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифесіндегі негізгі 6 міндет туралы сөз қозғады. Кездесуге келгендер адамзат өркениетіне қауіп төндіретін соғыс сойқанын болдырмау үшін ең бастысы түсіністік, халықтардың бірлігі мен достығы берік болуы керектігін атап өтті.

Мәселен жер бетінде осы күнге дейін 15 мыңнан астам соғыс болып, салдарынан 5 миллиард адам қаза тапқан. Егер қазір өзге елдерде болып жатқан қақтығыстар тоқтамаса, бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. Сондықтан манифесте айтылған бейбітшілік идеясы әрқашан өзекті, - дейді конференцияға қатысушылар.

Қазбек Мамсуров, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Тек ауызбіршілік болғанда ғана өзекті мәселелер шешімін тауып, ортақ мәмілеге келеміз. Бұл тұрғыда еліміздегі ішкі саяси тұрақтылықтың маңызы зор. Біздің басты мақсат – халықты біріктіру. Бірлік бар жерде өсу мен өркендеу болады. Біз мұны дәлелдедік.

Хабар 24.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады