BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Жемқорлыққа қатысты күдікке іліккен Астана әкімі орынбасарының үстінен тексеріс басталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошуннің пара алу дерегіне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Астана қаласының жемқорлыққа қарсы қызметі мен Машуровтың арызы бойынша Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошиннің құқыққа қайшы әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Арызда Машуров «Тамыз Инвест Групп» АҚ-ның құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Хорошунге қамқорлық жасау үшін мүлкін беріп отырғандығы көрсетілген. Қазіргі таңда Машуровтың дәлелдерінің барлығы тексерілуде. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ресми өкіл брифингте.

Осы орайда ол Қылмыстық кодекстің 201 тармағына сәйкес, өзге ақпарат тергеудің мүддесіне сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.
Нұрлан Жахиннің мәлімдемесіне қанағаттанбаған журналистер өз сауалдарын жолдады.

«Сергей Хорошун тергеу кезінде жұмыс істей бере ме? Күдігі бар ғой», - деді олар.

«Бұл сұраққа түсініктеме бере алмаймыз», - деді ресми өкіл.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер