USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Жемқорлыққа қарсы шаралар қатаң болғанымен, бәрі бірдей тиімді емес – сарапшы

Фото: altaynews.kz

Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді, әлемдік стандарттарға сай келетін институттар мен тетіктер құру бағытына мақсатты түрде және кезең-кезеңмен түсіп келеді. Сол себепті елімізде жемқорлық қылмыстардың алдын алу мәселелерінің елімізде өзектілігі жоғары.

Кәсіпорын сандарының артуымен мемлекетімізде нарықтық қарым-қатынас та дамып келеді. Алайда, посткеңестік елдерде нарықтық қатынастың дамуымен бірқатар теріс әлеуметтік құбылыстар да, атап айтқанда, түрлі құқықбұзушылықтар, оның ішінде жемқорлық кең тамыр жайған.

Осыған орай заң ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қылмыстық-құқықтық пәндеп кафедрасының доценті Светлана Баймолдина сыбайлас жемқорлықпен күреске қарсы қылымстық-құқықтық шаралар қаншалықты қатаң болғанымен, толықтай тиімді деп айтуға келмейді дейді.

«Мемлекеттің жалпы жағдайы мен дамуына кері әсер ететін жемқорлықтың салдарынан мемлекеттік мүдденің орнын жеке бастың немесе топтардың қамы басады. Осылайша, халықтың билікке және оның институттарына деген сенім төмендеп, қоғамдық сана бүлінеді. Оның соңы инновация мен ел дамуын тежеп, жаңа технологиялардың игерілуіне кедергі келтіреді. Артынша елдің беделіне көлеңке түсіріп, бәсекеге қабілеттілігін жояды», - дейді заңгер.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының заң шығару жүйесінде сыбайлас жемқорлық пен оның салдарына қарсы нормалар жетіп артылады. Алайда оларды қазіргі заманға ыңғайлап, әлі де жетілдіру керек.

«Жемқорлық қылмыстар үшін әкімшілікпен қатар, жаңа ҚР Қылмыстық кодексінің 361-371 баптарында қарастырылған қылмыстық жауапкершілік бекітілген. Бұлнормалар «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқықбұзушылықтар» деп аталатын 15-бөлімде қарастырылған», - деп нақтылады ол.

Сонымен қатар ол аталмыш қылмыс субъектілері кірістері мен шығыстары міндетті декларациялауға жататын тұлғалардың тізімін кеңейтіп, оған мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелері мен жақын туыстарын қоса қамтуды ұсынды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады