BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Жазушы Талғат Кеңесбаев дүниеден өтті

Астана, BAQ.KZ. Танымал жазушы Талғат Кеңесбаев ұзаққа созылған ауыр науқастан бүгін Астанада көз жұмды.

Талғат Кеңесбаев 1961 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Сарыжал ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Семей педагогикалық институтын тәмамдаған. Жазушы. Алғашқы шығармалары 1980 жылдары баспасөзде жарияланды.

1988 жылы республикалық "Жігер" фестивалінің лауреаты атанды. Тұңғыш кітабы "Француз әтірінің иісі" 1990 жылы жарық көрген.

2017 жылы "Ұлт болмысы" журналы ұйымдастырған "Ұлт болмысы" әдеби конкурсында бас жүлдені иеленді.

Оның "Моцарт" романын, "Үнсіз нота", "Лениннің бәтенкесі", қатарлы әңгімелері мен "Гауһар", "Ойшоғыр" т.б. повестерін оқырмандары жылы қабылдаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер